×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықты атқан күдікті ұсталды

24.10.2021, 16:59
Фото: ашық дереккөз

Арыс ауданы, Жиделі ауылының құмды жерінде заңсыз қарақұйрық пен қоян атып алған жағдайға қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, 11 қазан – 11 қараша айы аралығында Арыс ауданы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс – шаранын мақсаты табиғатты қорғау және табиғатты заңсыз пайдалану деректерін анықтау, браконьерлік деректерін және аң,балық аулау ережелерін бұзушылық деректерін анықтау,браконьерлікке қарсы күрес және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау жөнінде жедел-профилактилық іс-шаралар.

Іс-шара жүргізу барысында Арыс АПБ қызметкерлерімен Арыс ауданы, Жиделі ауылының құмды жерінде заңсыз қарақұйрық пен қоян атып алғаны туралы анықталды.

Аталған хабарламаны тексеру барысында, Арыс ауданы, Жиделі ауылы тұрғыны Арыс ауданы, Байырқұм елді-мекеніне қарасты «Шұрық» жайылымында 1 дана қоян және «Қызыл кітапқа» енгізілген 1 дана қарақұйрықты атып, заңсыз аңшылық жасағаны туралы анықталды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары