×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы әуежайының бұрынғы президентіне үкім шықты

04.01.2024, 17:13
Алматы әуежайының бұрынғы президентіне үкім шықты
Коллаж Ulysmedia

Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда халықаралық әуежайдың бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетовке қатысты үкім шығарылды.

Сот оны кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды. ӘуеЖЖМ қызметінің бұрынғы бастығы Қуаныш Тұрмышевке де дәл сондай эаза кесілді. 

Сонымен қатар, сотталғандардан 417 млн теңге көлемінде залал өндіріп алу туралы қаулы шығарылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Айбол Бекмұхамбетов пен Қуаныш Тұмышевке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Прокурор атап өткендей, 2012 жылы Алматы халықаралық әуежайы мен ЖШС арасында әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету және отын құю жөнінде шарт жасалды. Мәселен, 2016-2018 жылдар аралығында әуежайдың бұрынғы президенті Бекмұхамбетов, Тұмышев және компанияның құрылтайшысы жалған келісімшарттарды жасасып, қалған отынның айырмашылығын өзара бөліскен. Оның құны тергеу бағалауы бойынша 1 млн 250 мың АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы жанармай тапшылығы 1400 тоннадан асқанын атап өтті.