×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің ширек финалына шықты

04.01.2024, 18:48
KTF

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 халықаралық турнирінің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда Бельгия елінің теннисшісі Элиза Мертенсті айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші сетте Елена қарсыласына 1 геймде ғана есе жіберді. Екінші сетте 6:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын небары 58 минутта жеңіп кетті.

Екі теннисші өзара бесінші рет кездескен екен. Әзірге 4:1 есебімен Елена Рыбакина алда. 

Ширек финалда Елена Ресей спортшысы Анастасия Потаповамен кездеседі. 

Айта кетейік, Элиза Мертенс жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы болған. Мансабында жұптық сайыс бойынша үш рет "Үлкен дулыға" жарысында жеңімпаз атанған. 

Серіктес жаңалықтары