×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ұлттық киімде ішімдік таратқан қыз желіде қызу талқыға түсті

24.10.2021, 20:48
Фото: Фейсбук

Facebook желісінде ұлттық киімде ішімдік таратқан қыз туралы видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Продюсер Серік Абас-шах Facebook парақшасында ұлттық киімде ішімдік таратқан қыздың видеосын жариялады.

«Қымыз немесе шұбат құйып жүрсе түсінер едім. Ұлттық киімді бүйтіп қорлауға болмайды. Ұят! Ұят! Ұят!», - жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Бұл жазбаға қатысты оқырмандар пікір білдірді.

«Қазақ қызының киімін арақ пен табаққа төсеніш қылған «креативті» бизнесмендердің тірлігі ғой бұл. Әй дейтін әже, қой дейтін қожасы жоқ елде ұлттық мүдде табанасты бола береді. Жерде жатқан елінің жалаушасын еңкейіп алып, қалтасына бүктеп салып алатын Ердоғандай ер ел басқармаған соң бәрі бекер», - деп жазды оқырмандардың бірі.

Серіктес жаңалықтары