×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыда Республика алаңында Қаңтар оқиғасының құрбандарына құран оқылды

05.01.2024, 10:49
Фото: Ulysmedia.kz

Алматыда бір топ азамат Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жиналып, Қаңтар оқиғасының құрбандарына құран бағыштады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жиналғандар қаза болғандардың рухына арнап құран бағыштап, жеті шелпек таратты. Ulysmedia.kz тілшісі де сонда. Алаңның айналасында полиция қызметкерлері байқалмайды.

2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсылықтан бастау алған жаппай наразылық бірер күнде Қазақстанның барлық өңірін қамтыған еді. Бірнеше қалада наразылықтың аяғы қантөгіске ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 238 адам көз жұмды (оның ішінде күш құрылымдарының 19 қызметкері бар). Алты адам түрмеде азаптаудан көз жұмған.

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру», «қару-жарақ сақтау» сынды айыптар тағылды. Ұсталғандардың дені тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеген. Кейін ұсталған, сотталғандардың көбіне рақымшылық жасалған.

Серіктес жаңалықтары