×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Париж Олимпиадасы: қанша жолдама бұйырады

05.01.2024, 18:38
olympic.kz

Париж жазғы Олимпиадасының басталуына алты айдан астам уақыт қалды. 26 шілдеде жалауы желбірейтін дүбірлі додаға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әзірге Қазақстанға спорттың 8 түрі бойынша 17 лицензия бұйырды.

17 жолдаманы садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастикадан иелендік.

Париж Олимпиадасына дейін 90-ға тарта лицензия таратылатын турнир бар. Бұл ретте, отандастарымыз көп жолдамаға қол жеткізіп, Франция төрінде жасындай жарқылдайды деген сенім мол.

Серіктес жаңалықтары