×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Такси жүргізушілері салықты қалай төлейді

06.01.2024, 08:27
Pixabay

Такси жүргізушілері өз кірістерінен салық төлеуге міндетті. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті мамандары түсіндіріп берді, деп жазады Ulysmedia.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева таксистерге салық төлеу талабын түсіндірді.

"Егер такси жүргізушісі жеке тасымалдаумен айналысса, ол міндетті түрде жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуі керек. Олар сол "Яндекс такси" арқылы немесе "е-салық бизнес"арнайы мобильді қосымшасы арқылы тіркеле алады. Алматы мен Астана таксистері үшін пилоттық нұсқада жеңілдетілген салық режимі қолданылады. Бұл мобильді қосымшаларда кіріктірілген кассалық аппарат бар, онда есептілік бар. "Е-салық бизнес" мобильді қосымшасына тіркелу кезінде есепті тапсырудың қажеті жоқ, барлығы қосымшада автоматты түрде қалыптастырылады", - деді Бекеева.

Табысыңнан 1 пайыз!

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы Нұрлыбек Успановтың айтуынша, "Е-салық бизнес" мобильдік қосымшасын такси жүргізушілері пайдаланған кезде салық бір пайызды құрайды.

"Такси жүргізушілері үшін салық жүктемесінің пайызы небәрі 1 пайыз болатын режим өте ыңғайлы. Яғни, егер такси жүргізушісі күніне 100 мың теңге пайда көрсе, 1000 теңге салық төлейді. Одан бөлек, әлеуметтік аударымдар бар. Ол тасымалдау қызметтерін көрсете алады. Чекті электронды форматта клиентке жібере алады", - деп түсіндірді Успанов.

Ал жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына айына 100-ден астам аударым жасалса не болады?

Серіктес жаңалықтары