×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Рыбакина Аустралиядағы турнирдің финалына шықты

06.01.2024, 10:03
sports.kz

Жартылай финалда жеңіске жету үшін қазақстандық спортшыға 65 минут қажет болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елена Рыбакина жартылай финалдық кездесуде чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковамен шеберлік байқасты.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.

Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның 2023 жылды табысты аяқтағанын жазған едік.

 

Серіктес жаңалықтары