×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Қарин, Балаева: Қазақстанның болашағын ойластыратын президент кеңесіне кірді

Бүгін, 12:15
Қарин, Балаева: Қазақстанның болашағын ойластыратын президент кеңесіне кірді
Ulysmedia коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

​Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Президент жанындағы сараптама тобының құрамы мен мүшелерінің қызметтері:

Топ жетекшісі

- Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының вице-президенті.

Топ жетекшісінің орынбасарлары мен хатшысы

  • Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары.

  • Әсет Ерғалиев – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

  • Жандос Шаймарданов – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, хатшы.

Сараптама тобының мүшелері

  • Динара Зәкиева – Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

  • Саясат Нұрбек – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі.

  • Дархан Ахмедиев – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы.

  • Қарлығаш Жаманқұлова – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.

  • Бөріхан Нұрмұхамедов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.

  • Айдос Сарым – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.

  • Марат Шибутов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты.

  • Рауан Кенжеханұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті.

  • Бағдат Мусин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы.

  • Евгений Мухамеджанов – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ECO Network жобасының негізін қалаушы.

  • Найла Мұхтарова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

  • Айгүл Сәдуақасова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры.

  • Жұлдызай Ысқақова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы.

  • Ғазиз Әбішев – Metropolitan Information Group директоры.

  • Біржан Баткеев – Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы.

  • Ренат Бектұров – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы.

  • Әнуар Боранбаев – «Зерттеу және консалтинг орталығы» серіктесі.

  • Эльдар Гумаров – QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының басқарма төрағасы.

  • Ерлан Досымбеков – Ernst & Young компаниясының Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі, Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы.

  • Ерзат Дулат – Higgsfield AI негізін қалаушы.

  • Қуаныш Жайықов – Desht талдау орталығының басшысы.

  • Гүлмира Илеуова – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті.

  • Олег Мецик – форсайт маманы, «СИМКОН» үнемді технологиялар өңірлік орталығының директоры.

  • Мақсат Мұқанов – «Өзекті саясат институты» қоғамдық қорының вице-президенті.

  • Мадина Нұрғалиева – «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінің директоры.

  • Аяулым Сағынбаева – Ұлттық статистика бюросының Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы.

  • Олжас Сәкенов – Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары.

  • Андрей Чеботарев – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры.

  • Динара Шүкіжанова – «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті.

Сізге қызық болуы мүмкін