×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды тұрғыны полицияға 1900 жылғы «Наган» револьверін тапсырды

25.10.2021, 11:14
Қарағанды тұрғыны полицияға 1900 жылғы «Наган» револьверін тапсырды
Фото: Ашық дереккөзден

«Наган» маркалы шолақ револьвері Тула қару-жарақ зауытында осыдан 121 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қарағанды облысының тұрғыны Тула қару-жарақ зауытында 1900 жылы шығарылған «Наган» маркалы шолақ револьверін тапсырды. Ол револьвер марқұм атасынан қалған сандықтан табылғанын айтқан», - деп хабарлады бүгін ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Комиссия револьверді Қарағанды облысы полиция департаментінің мұражайына экспонат ретінде беру туралы шешім шығарған.

Сол секілді Шығыс Қазақстан облысының зейнеткері өткен ғасырдың басында шығарылған «Браунинг» маркалы тапаншаның алғашқы үлгілерінің бірін тапсырған. Бұл қарумен кезінде Бельгия мен АҚШ әскерлері қаруланған. Тапанша да экспонат ретінде облыстық полиция департаментінің мұражайына қойылды.