×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Анасын іздеген Жәнібек: Арқалықта қылмыстық іс қозғалды

09.01.2024, 23:27

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Қымбат Досжан ақпаратты таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Достар, Астанадан Арқалыққа жолға шықтық. Бұл сапардың басты мақсаты – қылмыстық іс қозғалды. Қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Мен Жәнібектің заңды өкілі ретінде қылмыстық іс аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құылы емеспін. Тиісті құжаттарға қол қойдық, – дейді журналист.

Қылмыстық іс не үшін қозғалғанын журналист айтқан жоқ.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео жарияланған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары