×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қызылшадан қайтыс болған балаларға қатысты тергеу аяқталды

10.01.2024, 15:58
Ашық дереккөзден

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова қызылша жұқтырып қаза тапқан балаларға қатысты зерттеу нәтижелерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу нәтижесі

28 желтоқсанда ШҚО мен Астанада екі бала қызылшадан қайтыс болғаны жөнінде айтылды. Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әйгерім Оспанова осы жағдайға қатысты тергеу жұмыстарынын нәтижесімен бөлісті.

Өкінішке қарай, желтоқсан айында екі бала қызылшадан қаза тапты. Бірінші жағдай Шығыс Қазақстан облысында болды. Ол 6 айлық бала болатын. Қайтыс болған баланың ата-анасы бірінші қаралған кезде оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Екінші ретінде бала өте ауыр жағдайда стационарға жатқызылды. Бүгінде осы мәселеге қатысты эксперттік жұмыстар жүргізілді. Патологиялық зерттеулер нәтижесінде баланың қызылшадан қайтыс болғаны дәлелденді, - деді Оспанова.

Екпе алмаған

Ә.Оспанованың айтуынша, қайтыс болған баланың анасы да қызылшаға қарсы екпе алмаған болып шықты.

Екінші қайғылы жағдайға тоқталсақ, ол бала 4 айлық болды. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол жағдай бойынша да баланың қызылшадан қайтыс болғаны анықталды. Айта кетерлігі,  4 айлық бала анасының сүтімен тамақтанбаған, - деді маман.  

Эпидахуал тұрақсыз

Естеріңізге салсақ, кеше денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде әлі де қызылша бойынша эпидахуал тұрақсыз екенін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары