×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Биыл қазақстандық спортшылар қандай додаларға қатысады

12.01.2024, 16:29
sports.kz

2024 жылы отандық спортшылар 765 халықаралық жарыста ел намысын қорғайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

5 спорт түрінен бақ сынайды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ТСМ спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова отандық спортшылардың жарыс күнтізбесін айтты.

"Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Жалпы ойындарға әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатыспақ. Барлығы 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады", – деді спикер. 

Спортшыларымыз барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, 29 жолдама ұтып алды. Тағы бір жолдаманың расталуы күтіліп отыр. Нәтижесінде спортшылар 5 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. 

Қысқы Сурдлимпиадаға қанша спортшы қатысады

Айта кетерлігі, отандық спортшылар биыл тағы бірнеше маңызды жарысқа қатысады. Мәселен, 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында XХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Оған әлемнің 35 елінен 500 жуық спортшының қатысуы жоспарлануда. 7 спорт түрінен 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрама командасы 3 спорт түрінен 30 адам қатысады.

Париж Олимпиадасынан алтын бұйыра ма

Ал, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында төрт жылдықтың басты додасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Спорттық жарысқа әлемнің 205 елінен 10500 спортшы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазіргі уақытта спорттың 8 түрінен 17 жолдама бар. Маусым айына дейін спортшыларымыз 90-ға жуық лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысады. Спортшылардың дайындығы белгіленген жоспарларға сәйкес жүріп жатыр.

"28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында XVII жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Ойындарға әлемнің 184 елінен 4400 спортшының қатысуы жоспарлануда. 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі уақытта 8 жолдама бар", – деді спикер. 

Астана төрінде – Көшпенділер ойындары

Сондай-ақ 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған 100-ге жуық елден келетін 4 мыңға жуық спортшы қатысады деген жоспар бар.

15-30 қазан аралығында Иранның Тегеран қаласында Азия-Тынық мұхиты ойындары өтеді. Жарысқа 23 спорт түрінен 34 мемлекет қатысу жоспарлануда. Қазақстан ұлттық құрама командасы 10 спорт түрі бойынша медальдарды сарапқа салады. 

Сондай-ақ биыл елімізде 6 әлем чемпионаты мен 7 Азия ойындары өтеді.

Серіктес жаңалықтары