Qarakoz подкастына сұхбат берген журналист Жанар Байсемізова "документалист Қанат Бейсекеев идеямды ұрлады" деп айтқан болатын. Көп ұзамай Бейсекеев бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жанар Байсемізова не деді
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Ж.Байсемізова ешкімнен ештеңені қызғанбайтынын, десе де біреудің идеясын ұрлағанды құптамайтынын айтқан еді.
Қанат Бейсекеевтің еңбегін, ізденісін жоққа шығармаймын. Өзім жеке таныс емеспін. Қанат Бейсекеевтің филімі орыс тілінде түсірілгеннен кейін атақты болып кетті деп есептеймін. Қанат Бейсекеев ең алғаш бұл идеяны менен алды деп ойлаймын. Өйткені, мен бұл тақырыпты 2009-да бастағам. 2010 да, сосын 2013-те тағы АҚШ-қа баратын кезде сол жердегі бас консул Раушан Кәкімсейтқызы сол кезде оқып жүрген Қанатты шақырып, «осындай группа келеді. Жанар Байсемізова. Шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы бағдарама түсіреді. Соған көмектес» деп шақырған екен. Бірақ ол жоқ болып кетіпті. Артынша сол фильмді түсіріпті, оны да маған біздің дипломаттар айтты. «Бұл өте ұят нәрсе» деп айтты».
«Мен мұны еш жерде айтқан емеспін, жариялаған емеспін. Ештеңені қызғанбаймын. Барлық тақырып ортақ. Бүкіл журналист жазса да артық емес. Мүмкін Қанат мені танымайтын да шығар. Мен журналист ретінде ешкімнен идея ұрлаған емеспін. Мен біреуді қайталағанды, біреудің істеген ісін істегім келмейді. Мен өзім жаңа түрен салып, жол салып өтем. Енді әртүрлі жағдай болған шығар. Бірақ оның да оны түсіргені дұрыс болған шығар. Айта салу керек дегенде мен жекеменшіктеп алған тақырып емес қой. Бір жерлерден естіп қалам, «менің идеям» деп жүргенді. Негізі қайдан естіді сол нәрсе да маңызды», - деді ол.
Қанат Бейсекеевтің жауабы
Қ.Бейсекеев бұл жайтты орынсыз және қисынсыз деп есептейтінін айтты.
Бұл шетелдегі басқа қазақтарды түсіріп жатқан адамдарды “менің идеямды ұрлап алды” деп айыптаған сияқты. Абсурд қой. Идеяның өзі уникальная емес. Мұндай фильмдер әлемнің барлық жерлерінде түсіріледі.
Балалардың фоторепортаждарын voxpopuli-де оған дейін де жасағанмын. 2013 жылы Мартас Виньярд қаласында қазақ қызын көргенде бұл идея келді. Сол жерден алғашқы фоторепортажымды жасадым. Бұл фоторепортаждар сериясын жалғастыру үшін елшілікпен байланыстым. Сол кезде олар маған сіз туралы айтты, Жанар. Бірақ сізбен байланысып, бірге жұмыс істеудің мәнін көрмедім.
Ал фильмді 2016-2017 жылы режиссер болған кезімде түсірдім. Жанар мемлекеттік арнаға түсірсе, мен ютубқа түсірдім.
Бұл кикілжіңнен балалар үйіндегі балалар саны азаймайды”, – дейді Қ.Бейсекеев.
Сұхбатты толық көріп үшін сілтемеге өтіңіз.