×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Атақты Мейдан ипподромында қазақ сәйгүлігі топ жарды

13.01.2024, 16:54
бейнежазбадағы кадр

Кеше Дубайда 2 мың шақырымға созылған бәйгеде қазақтың "Кабирхан" атты тұлпары топ жарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бәйгеге әлемнің түкпір-түкпірінен ең жүйрік деген 13 тұлпар қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті. Сөйтіп, ат иесі 25 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жарыса жариялап жатыр.

- Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл - сенсация, - деп жазды видео авторы.

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Жалпы, Кабирханның статистикасы таңғаларлықтай. Тұлпар бұған дейін 9 жарысқа қатысып, 8 рет бірінші және 1 рет екінші орын алған. Дубайдағы жеңіс  – ең үздік нәтиже.

Серіктес жаңалықтары