×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі турнирдің финалына өтті

14.01.2024, 09:15
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы жартылай финалдық матчта шеберлігін байқатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ATP рейтингісінде 727-ші орында тұрған бразилиялық теннисші Жуан Фонсекке отандасымызға қарсылық көрсете алмады. Кездесу 6:2, 6:4 есебімен Попконың пайдасына шешілді. Ойын бір сағат 14 минутқа созылды.

Кездесу барысында Попко екі эйс жасап, тек төрт қос қателік жіберіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сонымен қатар, ол қатарынан бес ұпай мен үш геймде жеңіске жетті.

Бұған дейін кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Астана қаласында өтіп жүрген ATP 250 турнирін Алматыға ауыстыру құжаттарын бекіткенін жазған едік. АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open  2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді,

Серіктес жаңалықтары