×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ-та праймериз: Никки Хейли президент бола ма?

15.01.2024, 10:57
АҚШ-та праймериз: Никки Хейли президент бола ма?
Global Look Press/Keystone Press Agency

Никки Хейли - Айова мен Нью-Гэмпшир қалаларындағы сауалнамалар бойынша Трамптан кейінгі президентікке үміткер екінші кандидат. Саяси салмағы артып келе жатқан Хейли жайлы не білеміз? Ulysmedia.kz тілшісі АҚШ-тағы сайлауалды науқанның барысына көз жүгіртіп көрді.

Хейли кім

Никки Хейли – Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі. Сайлауға республикалық партияның атынан қатысып отыр.

Ол республикалық партияның атынан президенттік таққа таласқан бірінші әйел кандидат атанып отыр. Бұдан бөлек, ақ нәсілдіге жатпайтын адам ретінде партияның бірінші үміткері ретінде тіркелді.

Трампты қуып жетті

NBC News/Des Moines Register/Mediacom компаниясының Айова штатындағы республикалық конкурстарға (президенттік сайлауда бірыңғай кандидатты анықтау процесі) дейінгі қорытынды сауалнамасы АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың 30 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында тағы бір республикалық партиядан үміткер Десантисті басып озған Хейли тұр. 

Қаңтар айының ортасында CNN сауалнамасы Хейлидің Нью-Гэмпширдегі праймеризге дейін Трамп арасындағы алшақтықты қысқартқанын көрсетті (23 қаңтарда өтеді). Экс-президентті сайлауға қатысатын республикалық сайлаушылардың 39%, Ал Хейлиді 32% қолдап отыр. Қалған үміткерлер айтарлықтай артта қалды. Мәселен, Хәйли сынаған Десантис небары 5% дауыс жинаған.

Айтпақшы, Хейли Трамппен бірнеше рет пікір таластырып, нәсілдік проблемалар бойынша даулы үндеулерімен танымал болған.

Бұдан бөлек, Никки Хейли өзі басқарған Оңтүстік Каролина штатында бір жынысты некеге тұруға тыйым салуды қорғауға ант берген болатын. Осылайша, оның губернаторлығы кезінде Оңтүстік Каролина штаты ЛГБТ-ны кемсітушіліктен қорғайтын бірде-бір заң қабылданған жоқ.

Хейли және Сирия

2017 жылы Хейли АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ретінде Сириядағы президент сайлауына қатысты өз пікірін білдірген болатын.

Никки Хейли Вашингтон Сирия президенті Башар Асадты "әскери қылмыс жасады" деп білетінін және оның Сирия басшысының сайлауына қайта түскеніне қарсы екенін мәлімдеген еді.

"Біз халық Асадты енді ұнатады деп ойламаймыз. Біз оны халық қалайтын адамға айналып бара жатыр деген ойда емеспіз" деді Хейли.

2011 жылы тамызда АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама Асад биліктен кетуі тиіс деп мәлімдеген. 2015 жылы АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Асадты кетуі тиіс, бірақ оның биліктен кету уақыты келіссөзде талқылануы мүмкін екенін айтқан.

Хейли президент Дональд Трамптың әкімшілігі Асадты биліктен кетіру стратегиясын көздеп отырмағанын мәлімдеген. Мұның алдында АҚШ билігінің өзге де өкілдері Вашингтон қазір Сириядағы соғысты тоқтату және "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын қиратуға көңіл бөліп отырғанын мәлімдеген.

Сирия перзидентін сайлау бойынша пікірі жарасқан Трамп пен Хейли енді АҚШ президенті болуға қарсылас атанып отыр. “Жер - дөңгелек” деген осы шығар...