×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарына 30 күнге визасыз бара алады

15.01.2024, 15:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Сейшель арасында 30 күндік визасыз режим күшіне енгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 2023 жылдың 22 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында қол қойылған Қазақстан мен Сейшел үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтардан бастап күшіне енді.

Келісімнің бірінші бабы бойынша,  екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте  азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңде, ал  күнтізбелік 180 күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы керек», - деді СІМ ресми өкілі.

Оның айтуныша, қазақстандықтар аталған аумаққа сапар жасамай тұрып, ол жақта неше күн болатынын нақты жоспарлап алу керек. 

– Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам болуы қажет болса, олар тиісті санаттағы Сейшел визасын алдын ала ресімдеуі керек, – деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары