×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Қытай полициясы Қазақстан азаматын ұстап отыр»: ҚР СІМ түсініктеме берді

15.01.2024, 16:00
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Қытай полициясы Қазақстан азаматын ұстап отыр" деп БАҚ-қа тараған ақпаратқа байланысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азаттық Қытайдағы туыстарына қыдырып барған Қазақстан азаматы Тұрсынәлі Бекдәулет "Қытай полициясы құжатымды тарып алып, бермей отыр" деп мәлімдегенін жазған еді. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған.

Тұрсынәлінің сөзінше, полиция оны тергеу бөлімшесіне апарған. Бірақ не үшін ұстағанын түсіндірмеген.

– Ол ақпаратты білем. Бір қызығы, ол кісі Қазақстан азаматтығын алған. Бірақ бірнеше жыл бұрын Қытай азаматы болған кезде жол-көлік апатына түскен. Бірақ басқа тараппен проблемасын шешпей Қазақстанға кетіп қалған. Осы жолы барғанда жергілікті полиция оған “осы мәселеңді шеш, содан кейін ары қарай жүре берсең болады” деген. Бірақ біздің кейбір журналистер бұл мәселені екі ел арасындағы визасыз режим түкке де тұрмайды, міне біздің азаматтарды ұстап жатыр” деп байбалам салып мақала шығара бастады. Ешқандай да проблема жоқ. Ол кісі өз проблемасын шешіп, дауласқан басқа тараппен мәселені реттегеннен кейін паспортын алғаннан кейін жүре берген. Бірде-бір күн қамауға алынған да, оған күш жұмсалған да жоқ. Қазір ол Қазақстанға қайтып келді, – деді Айбек Смадияров СІМ-де бүгін өткен брифинг барысында.

Айбек Смадияров бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтардың көрші елге визасыз режиммен барардың алдында қандай мәселелерді ескеру керектігін айтты

– Егер Қытай азаматы болған кезде құқық бұзу әрекетіңіз тіркелген болса, соны шешуге тырысыңыздар. Басқа айтар ешқандай  кеңес жоқ, – деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров ондай мәліметтерді Қытай елшілігінен білуге болатынын айтады.

– Ол мәліметтерді сол жақтағы туысқандары арқылы білуге болады. Ал біз арқылы біле алмайды. Немесе Қытай елшілігіне хабарлассын.  «Менің Қазақстан азаматы ретінде Қытай аумағына кіруге рұқсатым бар ма? Кедергі бар ма?» - деп анықтап білсе, болады. Әйтпесе барғаннан кейін ғана біледі, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары