×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Сөз таластыруға дайынмын»: Шаққалиев Қазақстанда азық-түлік Еуропамен бірдей екенін түсіндіруге тырысты

16.01.2024, 11:32
«Сөз таластыруға дайынмын»: Шаққалиев Қазақстанда азық-түлік Еуропамен бірдей екенін түсіндіруге тырысты
Pixabay сайтынан шартты сурет

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Қазақстаннан қарағанда азық-түлік инфляциясы жоғары елдерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтен журналистер не себепті Қазақстан азық-түлік пен тамақтану қызметтерінің бағасы Еуропа елдерімен бірдей екенін сұрады. 

Шаққалиев ведомство баға динамикасын бақылау үшін жұмыс істейтінін айтады.

– Мысалы, халықаралық ФАО ұйымының мәліметтеріне қарасақ, соңғы баға индекстеріне сәйкес бізде белгілі бір корреляция бар. Сүт өнімдері, қантқа байланысты солай айтар едік. Соңғы индекстер бойынша өсім бүкіл әлемде байқалады, - дейді министр.

Әр түрлі елдегі жеке тауарлардың құнына тоқталған ол бұл бағытта ол "сөз таластыруға" дайын екенін айтады.

– Мұнда ұғым кең: басқа елдерде дейсіз. Ол қай ел? Мысалы, Әзербайжанда азық-түлік инфляциясы шамамен 10,4%, Өзбекстанда 15,1%, Ресейде 8,2%. Францияда 7,2% (Қазақстанда 9,8%). Бәрін салыстыру керек.  Бір жерде азық-түлік инфляциясы және баға индексі мәннен жоғары, бір жерде бізбікімен бірдей. Мұнда, әрине, біз талдау жүргіземіз, корреляцияны қарастырамыз, өйткені бұл әлемдік трендтер, нарықтардың әсерін бағалау керек, — деп атап өтті Шаққалиев.

Тамақтану қызметтері жайлы сұраққа ол "бәрі сегментке байланысты" деп жауап берді.

– Бәрі сегментке байланысты: фаст-фуд немесе мейрамхана. Барлығы екіұшты. Сондықтан мен мынаны айтар едім: біз, баға индексіне келер болсақ, аймақтық мағынада антилидер емеспіз. Қызметтер мен гастрономияның құны бойынша бәрі сіздің талғамыңызға және қаржылық мүмкіндіктеріңізге байланысты, - деп түйіндеді ол.

Рейтингтер

Былтыр бірден бірнеше агенттік Қазақстан тұрғындары табысының жартысын азық-түлікке жұмсайтынын хабарлады.

2023 жылдың тамызында Picodi талдаушылары Қазақстанның орташа тұрғынының тамақтану шығындары айына 213 долларды құрайды деп есептеді. Бұл Ұлыбритания, Греция және Испания деңгейінен жоғары. Бұл рейтингте Қазақстан 105 елдің арасында 99-шы орында болды.

Euromonitor international мәліметтері бойынша, қазақстандықтар табыстың 49,4% тамаққа жұмсайды. Салыстыру үшін Гондурас азаматтары — 31,9%, ал рейтинг көшбасшысы АҚШ тұрғындары бар болғаны 6,7% жұмсайды.