×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан армиясында жүрген 10 мыңнан астам сарбаздың несиесі бар

16.01.2024, 13:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Олардың жалпы несие көлемі 3,5 млрд теңге екені анықталған. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан қарулы күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Армияға баратын жастардың саны артып келеді

«Мерзімді әскери қызметке шақырылғандар әртүрлі жеңілдікке ие болғаннан кейін армияға баратын жастардың саны өсті ме?» - деп сұрады журналистердің бірі Басқожаевтан.

Полковниіктің айтуынша, қазіргі таңда армияға баратын жастардың саны 40 пайызға өскен. Әскер қатарына жалпы шақырылатын мерзімді әскери қызметшілердің саны да 2 мыңға артқан. 

«Былтыр көктемдік және күзгі шақыру барысы 100 пайыздан жоғары орындалып жатыр. Армиядағы жастарға жеңілдіктер берілетіні жөнінде ақпарат халыққа енді ғана жетіп жатыр. Оларға несиені шегеру, жеңілдетіп оқуға түсіру шаралары бар. Жасыратын ештеңесі жоқ, тұрмысы орташа отбасы көп. Бәрі қазір түсінеді, бәрі ақшаны санай алады», - дейді ол.

Оның сөзінше, 10 мыңнан астам мерзімді әскери қызметкердің 3,5 млрд теңгелік кредиттік жүктемесі бар екен. 

«Бұл жағдай әскерге шақырылғанға дейін болған. Ендігі мақсатымыз ол бала артына қарамай, міндетін атқаруы керек. Несие жүктемесі туысына, баласына қалып жатса, уайымдайды ғой. Біздің мақсатымыз – өзінің парызын өтеуі керек. Жарты жылдан кейін дәл сол жастардың шартты мерзімге қалуға мүмкіндігі бар. Өзі таңдау жасаса болды. Әлеуметтік жағдай жасау – әр командирдің міндеттемесі», - дейді ол.

Армияға барғандардың несиесі шегеріледі

Еске сала кетейік, өткен айда ғана қорғаныс министрлігі 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылғанын атап өткен еді. Бұдан бөлек, банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде деп мәлімет берген.

"Негізгі қарыз бен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру тәртібін белгілейтін нормаларға қорғаныс ведомствосы сарбаздардан басқа қарыз алушылар қатарына әскери жиындарға шақырылған азаматтарды да қосуды ұсынып отыр. Несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары