×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

17.01.2024, 14:09
Фото: Ulysmedia.kz

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі экс-депутат, тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкімді былтыр шығарған еді. Ол 10 жылға сотталған. Үкімнің бүгін өзгеріссіз қалғаны белгілі болды.

Экс-депутат не үшін айыпталды?

31 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-мәжілісмен, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын. Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған еді.

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған. Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты «сандырақ» деп атаған. Қазақстандық құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Серіктес жаңалықтары