×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сауат Мыңбаевтың омыртқасын кім сындырды

19.01.2024, 15:55
Сауат Мыңбаевтың омыртқасын кім сындырды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Кәсіпкер Болат Әбілов «экс-министр Сауат Мыңбаевты Қайрат Сатыбалдының қол астындағылар ұрып-соққан деген» ақпаратты жоққа шығарды. Ол өз пікірін "Гиперборей" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Әңгіме не жайлы болып отыр

2021 жылдың басында әлеуметтік желілерде Мыңбаевты "Қайрат Сатыбалдының салафиттері ұрып тастады"деген ақпарат пайда болған еді.

Әбілов не дейді

Әбілов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кәсіпкер Сатыбалдының Мыңбаевқа қол көтеруге "батылы жетпейтінін" айтады.

– Сауат Мыңбаев өте бай адам. Оның артында үлкен қаржылық топ тұр. Ол президент алдында да, басқа топ-менеджерлер, үкімет алдында да өте құрметті. Бәрімен қарым-қатынасы жақсы, сондықтан Қайрат Сатыбалды Сауатпен араны бұзуға батылы бармас еді. Әсіресе қандай да бір мәмілеге байланысты. Бұл сандырақ! Провокацияны Қайрат Сатыбалды мен ҰҚК-нің кейбір генералдарын қорқынышты біреулерге айналдыру үшін арнайы жасалған. Оның өзі [Мыңбаев] интернетте тапсырыспен тарап жүрген осы сандырақтарды естігенде күледі, – дейді Әбілов.

Бизнесмен Әбілов кәсіпкер Мыңбаевтың қалай жарақат алғанын айтып берді.

– 2021 жылы қаңтар айының соңында ол жуынатын бөлмеде тайып жығылып, ваннаның шетіне басын қатты соғып алған. Мойын омыртқасы зақымдалған. Бірақ, бақытымызға орай, ол тез арада үйінен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы операция жасалды. Дәрігерлер омыртқаны орнына қойды. Осыдан кейін ол Германияға жеткізіліп, екінші операция жасалды. Әртүрлі емдеу курстарынан өтті. Қазір ол арбада, бірақ жаяу аздап бірнеше метр болса да өзі жүре алады. Велосипед тебеді, спортпен шұғылданады, ақыл-ойы сау. Яғни денсаулығы жақсарып келе жатыр, – дейді ол.

2023 жылдың мамырында әлеуметтік желілерде бұрынғы мұнай және газ министрі, сондай-ақ ҚТЖ-ны басқарған Сауат Мыңбаевтың фотосуреті тараған еді.

Қоғам назарынан Мыңбаев 2021 жылдың қаңтарында жоғалып кеткен. Сол кезде ол басқарған ҚТЖ баспасөз қызметі спортпен шұғылдану кезінде Мыңбаев жарақат алып, емделіп жатқанын айтқан.