×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

ШҚО-да белгісіз аң бір үйдің 15 қойын қырып кетті

21.01.2024, 14:22

Түз тағысы Самар ауданы Көкжота ауылындағы тұрғынның қорасына түсіп, малын қырып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа қарағанда, белгісіз аң Болғанбаев көшесінде тұратын Еділхан Сарбасов есімді азаматтың 15 бас қойын өлтіріп, 10 басын жаралап кеткен. Көкжоталықтардың сөзінше, ол аңның қаңғыбас ит болуы мүмкін емес. «Олар әдетте өлі малға ауыз салады» дейді олар.

Аудан басшысы Нұрлан Махамбетов, ауылдық округ әкімі және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барып, жағдайдың ақ-қарасына үңілген. Олардың айтуынша, малға ойран салған жыртқыш қораға есіктің түбін қазып кірген.

– Сілеусін шығар деп топшылаймыз. Қасқыр болса қойды жарып кетер еді, ал бұл тек қанын ішкен. Жаралы 10 қой да бауыздалды, – деді әкімдік өкілдері.

Аңның сілекейінен ауру тарауы мүмкін екенін ескеріп, қырылған малды арнайы орынға көму жөнінде шешім қабылданған.
 

Серіктес жаңалықтары