×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Ең қуаттысы Алматыда»: Министр 4 облыста жер сілкінісі неше балдан болғанын айтты

23.01.2024, 09:02
«Ең қуаттысы Алматыда»: Министр 4 облыста жер сілкінісі неше балдан болғанын айтты
Фото: Скриншот

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«3 сейсмикалық оқиға тіркелді. Алматыда 5, Шымкентте 2, Жамбыл облысында 2-3 бал, Жетісу облысында 4 балдық жер сілкінісі болды. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес нысандар қирамаған», - деді Шәріпханов.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.