Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісін Алланың кішігірім ескертуі болғанын жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Әлеуметтік желіде жер сілкінісі жайлы әркім әртүрлі жазба қалдырған. Тик-токта жер сілкінген кезде үйінен бір аттам кетпей, “кетпеңдер” деп отырған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр. Екінші бір видеода елдің бәрі сыртта жүргенде үйінде емін-еркін компьютер ойынын ойнап отырған баланың видеосы да жұртты күлкіге қарық қылған. Күлетін жағдай болмаса да, ел ішінде әзіл-шыны аралас әңгіме, фото, видео көп тарап жатыр.
Президент бастап мемлекеттік органдардың, төтенше жағдайлар министрлігінің басшылары мен құтқарушылар Алматыға барып, мәселені анықтап, тиісті шара қабылдау мәселесін пысықтап жатыр.
Ал депутат Ардақ Назаров былай дейді:
«Талайды тәубесіне келтірген түн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінсе, бүгін қандай халде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың Мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді. Сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан!!! Тәубеңе кел», - деп жазды Ардақ Назаров инстаграмында.
Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер
Медициналық көмекке әртүрлі жарақаты бар, жеңіл және орташа жарақат алған адамдар жүгінген. Бірінің басы көгерген, сіңірі тартылған.
Олар қаланың стационарларына жеткізілген. Оның ішінде 34 ересек адам бар. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.
Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, бесеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: