×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

AO Juniors: Әмір Омарханов ширек финалға өтті

24.01.2024, 06:57
Фото Ulysmedia

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов (16 жас) Аустралия ашық біріншілігінің үшінші айналымында Оңтүстік Корея спортшысы Жаңжун Кимді 6:3, 5:7, 6:0 есебімен ұтып, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жартылай финалда ойнау үшін Әмір Нидерланды өкілі Мис Роттгерингпен (16 жас) кездеседі.

Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алғашқы бапкері Нестерев Петр Владимирович. Ал қазіргі бапкері Сербияның Белград қаласында орналасқан Типсаревич халықаралық теннис академиясының жаттықтырушысы Неманиа Лалич.

Мельбурнда соңғы күндері ауа-райы 30 градус ыстық.

Айта кетейік, Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships болып жатыр.

Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Бұған дейін Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары