×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

16 жастағы қазақ баласы Australian Open Juniors турнирінде сенсация жасады

20.01.2024, 09:18
Фото: Ulysmedia.kz

Аустралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы сайысының бірінші айналымында Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы сетті кортқа үйреніспеген жерлесіміз 0:6 ұпайымен беріп қойды. Алайда екінші және шешуші үшінші сетте 6:3, 6:3 есебімен Үлкен Дулыға турнирінің екінші айналымына өтті.

Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Дәл қазір Джоковичтің Отаны Сербия астанасы Белград қаласында жаттығады.

Айта кетейік, Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships басталды.

Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Серіктес жаңалықтары