Нысандар қосымша визуалды тексерілгеннен кейін жаңа жарықшақтар анықталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы облысының әкімдігі 44 нысанда жарықшақтар табылғанын хабарлады.
– Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Алматы облысының аумағындағы нысандарды комиссия аралап шықты. 2024 жылдың 24 қаңтарында Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 44 объектіде жарықшақ табылды, - делінген хабарламада.
Мәселен, Алматы облысының сегіз ауданындағы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарында жарықшақтар табылған.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: