×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Хуситтер БҰҰ ұшағын Йеменге қондырмады

24.01.2024, 17:53
Фото: za-dergavy.livejournal.com

Йемендік «Ансар Аллах» қозғалысының хуситтері БҰҰ ұшағының Йеменнің шығысындағы Мариб провинциясының әуежайына қонуына жол бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Бұған дейін хуситтердің АҚШ пен Ұлыбритания азаматтарынан тұратын БҰҰ қызметкерлеріне «Ансар Аллах» ұйымының бақылауындағы Йемен аудандарын босатуға бір ай уақыт бергені хабарланған болатын.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс кезінде Йемен хуситтері Еуропа мен Азия арасындағы негізгі сауда жолын жауып тастады. Бұл жолмен өтетін тауар дүниежүзілік сауданың 15%-ын құрайды. Әзірге америкалық зымырандар да, Ұлыбританияның әскери кемелері де теңіз жолындағы бөгетті бұза алмай отыр.

Серіктес жаңалықтары