×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Australian Open жартылай финалистері анықталды

24.01.2024, 20:15

14 қаңтар басталған Аустралия ашық біріншілігінің аяқталуына санаулы күн қалды. Ересектер арасында турнирдің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерлер жағында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович (Сербия) Янник Синнермен (ATP 5, Италия)  ойнайды, ал Ресей мықтысы Даниил Медведев (ATP 3) дәл бүгін әлемнің екінші ракеткасы, турнир фавориттерінің бірі Карлос Алькарасты (Испания) ұтқан Александр Зверевке (ATP 6, Германия) қарсы матч өткізеді.

Әйелдер жағында күтпеген жағдайлар орын алды. Биылғы Australian Open фавориттері Ига Швентек (WTA 1, Польша), Елена Рыбакина (WTA 3, Қазақстан) және Джессика Пегула (WTA 4, АҚШ) жарыс жолынан шығып қалған.

Соңғы төрттік, яғни жартылай финалға шыққандар қыздар: былтырғы чемпион Арина Саболенка (WTA 2, Беларусь) мен Коко Гауфф (WTA 4, АҚШ), сондай-ақ Даяна Ястремка (Q, Украина) мен Кинуен Дженг (WTA 12, Қытай).

Жерлесіміз Елена Рыбакина былтырғы AO финалындағы ұпайын қорғай алмады. Сол үшін дүйсенбіден бастап әлемдік рейтингте екі сатыға төмендеп, бесінші ракетка болады. Рыбакина 5-11 ақпан аралығында Абу Даби қаласында өтетін WTA500 турниріне қатысады.

Айта кетейік, Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships болып жатыр.

Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Бұған дейін Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары