×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркістан облысында екі ауданның білім саласына бөлінген 1,8 млрд теңге жымқырылды

25.01.2024, 16:22
Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында білім саласына 1,8 млрд теңгені жымқыру бойынша тағы екі факті тергелуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және әкімдіктің атсалысуымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім басқармасымен 600 млн көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Бүгінгі таңда аталған 2 ауданда мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам.

– 2020-2023 жылдар аралығында «1С: Бухгалтерия» есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша жауапкерлер 120 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берген.

Серіктес жаңалықтары