Қазір фильмдерді іріктеу бойынша конкурстық процедуралар өтіп жатыр. Мұны мәдениет және ақпарат министрлігі Ulysmedia.kz порталының ресми сауалында берген жауабында хабарлайды.
«Кинематография туралы» заңға сәйкес Ұлттық киноны қолдау орталығы Қазақстан аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдердің қазақ тіліндегі дубляжын қаржыландыру жөніндегі бірыңғай операторы.
Дубляжға арналған фильмдер мәдениет және спорт министрінің былтырғы бұйрығына сәйкес іріктеледі.
– Бұл ретте, 2024 жылы қазақ тілін дәріптеу және қазақ тіліндегі контентті арттыру мақсатында халықаралық стандарттар бойынша күтілетін рейтингі жоғары, премьерасы өтпеген жаңа 15 блокбастерларды қазақ тіліне дубляждау жоспарда. Аталмыш іс – шараларды іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2024 жылға 443,0 млн. теңге қаражат қарастырылған, – делінген жауапта.
Бүгінгі таңда іріктеу бойынша конкурстық процедуралар өтіп жатыр.