×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Тимур Құлыбаев хоккейшілерді Олимпиададағы жеңісімен құттықтады

Rоллаж: Ulysmedia

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасын Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыг! Жас хоккейшілеріміздің қола медаль үшін өткен кездесудегі жеңісі – қазақстандық спорт пен шайбалы хоккей үшін, еліміздегі олимпиадалық қозғалыс үшін маңызды оқиға. Темірлан, Бексұлтан, Арсений, Әдiлхан, Никита, Матвей, Расул, Арман, Жахангер, Таир, Егор, Роман, Әнуар сынды біздің жас хоккейшілеріміз шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің арқасында мықты командалардың алдын орап, Канвон Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Қазақстан спортының тарихында қалатын бұл жеңістен соң қазақстандықтар сіздерді мақтан тұтады. Қазақстандық олимпиадалық қоғамдастықтың және жеке өзімнің атымнан сіздерге олимпизм идеяларына адалдық танытып, отандық спортты дамытуға үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамын!, - деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы.

Бүгін Қазақстанның жасөспірімдер командасы хоккейден қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде Австрия құрамасын 6:5 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық хоккей тарихында Олимпиада Ойындарынан жеңіп алған тұңғыш медаль.

Шайбалы хоккейден Канвон-2024 Олимпиадасында Дания құрамасын 10:3 есебімен ұтқан Латвия командасы жеңіске жетті.

Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түсіп жатқан Қазақтан құрамасының еншісінде Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру) жеңіп алған бір алтын, Полина Омельчук шорт-тректен иеленген қола медаль мен шайбалы хоккейден ерлер құрамасы еншілеген қола жүлде бар.

Серіктес жаңалықтары