×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Дубайдағы бәйге - Кабирхан тағы топ жарды

27.01.2024, 08:41

"Кабирхан" атымен танымал қазақ сәйгүлігі Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып, тағы да топ жарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Осыдан екі апта бұрын осы Дубай төрінде Кабирхан оқ бойы озып, дара келген болатын. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесіп, ат иесі 25 миллион теңге сыйақыны иеленген еді.

Қазақстанның сәйгүлігі 30 наурыз күні Дубайда өтетін ең үлкен бәйгеге қатысады. Онда бірінші орын алған тұлпарға 7 миллион 200 мың АҚШ доллары берілетінін атап өткен жөн.

Айта кетейік, Кабирханның иесі – Тілек Мұхамбетқалиев.

Серіктес жаңалықтары