×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Зениттің" жаңа ойыншысы Тоқаевтың қолын ұстаған Әліптен оңбай таяқ жеді

27.01.2024, 12:48
TFR

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" командасының намысын қорғайтыны белгілі. Отандық футболшы командаға қосылған жаңа футболшыларды "қарсы алу" дәстүрін асыра орындаған сияқты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Дәстүрге сәйкес, жаңа ойыншылар қос қапталдан тізілген футболшылардың ортасынан өтуі тиіс. Қызығы сол, бұрынғы футболшылар оларды қолмен ұрып, аяқпен теуіп “жылы қарсы алады”. Жанкүйерлердің айтуынша, Нұралы Әліп бұл дәстүрге қатты кірісіп, көп күш жұмсап қойған сияқты. Тіпті, жаңа футболшылар денесін сипалап, қатты ауырсынып қалғанға ұқсайды. Оны бейнежазбадан аңғаруға болады.

Естеріңізге салсақ, БАҚ-та қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке Испанияның атақты «Реал» клубы қызығушылық танытып, қысқы трансфер кезінде жалға алуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары