27 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 15:03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Мамандар мұның афтершок екенін мәлімдеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0.
Магнитудасы - 5.5 MPV.
Тереңдігі - 5 шақырым.
Алматыда 2 балл болып сезілген.
Қытай аумағында бұған дейін де бірнеше жер сілкінісі тіркелгенімен, олар елімізде сезілген жоқ.
Естеріңізге салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.