×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қай мемлекеттерде өлім жазасы қарастырылған

28.01.2024, 12:33
Ашық дереккөзден

25 қаңтарда АҚШ тарихында алғаш рет өлім жазасына кесілген адамды таза азотпен тұншықтырып өлтірді. Жапонияда да 36 адамның өмірін қиған өртті ұйымдастырған ер адам өлім жазасына кесілді, ол дарға асылады, деп жазады Ulysmedia.kz ВВС-ға сілтеме жасап.

2022 жылы 883 адам өлім жазасына кесілген

Көптеген елдері өлім жазасын алып тастағанымен, бүкіл әлемде өлім жазасына кесудің жалпы саны артып келеді. 

Amnesty International үкіметтік емес ұйымы жинақтаған соңғы деректерге сәйкес, 2022 жылы 55 ел өлім жазасын қолданды, осы елдердің тоғызы өлім жазасын тек аса ауыр қылмыстар үшін ғана жүзеге асырған. 23 ел өлім жазасына рұқсат берді, бірақ оны 10 жыл бойы қолданбаған.

Amnesty International деректері  – ресми, БАҚ хабарламалары және өлім жазасына кесілген сотталғандар, олардың отбасылары мен өкілдерінен алынған ақпараттан жинақталған.

Қытай өлім жазасын қолдану статистикасын жариялап жүрген жоқ.

Қытайды қоспағанда, Amnesty International 2022 жылы әлем бойынша 883 өлім жазасын тіркеді.

Бұл 2017 жылдан бері өлім жазасына кесудің ең көп саны және ол 2021 жылғы көрсеткіштен 53 пайыз (573 адам) артық.

112 ел өлім жазасын мүлдем қолданбайды

Өлім жазасын 2021 жылы 18, 2022 жылы жиырма ел қолданған. Amnesty International пікірінше, Қытай басқа елдерге қарағанда өлім жазасын жиі қолданады.

Елде жылына мыңдаған адам өлім жазасына кесіледі, бірақ бұны растау мүмкін емес. Қытайдан бөлек Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр және АҚШ-та көп адам өлім жазасына кесілген.

Еуропадағы өлім жазасын әлі күнге дейін қолданатын жалғыз ел — Беларусь (КСРО ыдырағаннан кейін де кеңестік заңнамада болған жазаның бұл түрін сақтап қалды).

«Вясна» құқық қорғау орталығының мәліметінше, Беларусьте жыл сайын бір адамнан бірнеше адамға дейін өлім жазасына кесіледі (2018 жылы 2 адам, 2017 жылы 4 адам).

112 ел өлім жазасын мүлдем қолданбайды, 1991 жылы бұл көрсеткіш 48 ел болған. Алты ел 2022 жылы өлім жазасын толығымен немесе ішінара алып тастады.

Төрт ел — Қазақстан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сьерра-Леоне және Орталық Африка Республикасы одан толық бас тартты.

Экваторлық Гвинея мен Замбия өлім жазасы ең ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылатынын айтты.

2023 жылдың сәуірінде Малайзия парламенті 11 ауыр қылмыс, соның ішінде кісі өлтіру мен лаңкестік үшін міндетті өлім жазасын алып тастау үшін дауыс берді.

Гана парламенті 2023 жылдың шілдесінде өлім жазасын толығымен алып тастауға дауыс берді.

Бас кеспек жоқ...

Сауд Арабиясы 2022 жылы бас кесуді өлім жазасына кесу әдісін қосқан жалғыз ел болды. Басқа әдістер — дарға асу, өлімге әкелетін инъекция салу және ату.

АҚШ-тың Алабама штатында кісі өлтіргені үшін сотталған Кеннет Смит азотпен тұншықтыру әдісін пайдаланып өлтірілді.

Ол әлемде осылайша өлім жазасына кесілген алғашқы адам болып тіркелді. Смиттің заңгерлері бұл тексерілмеген әдісті «қатыгез және әдеттен тыс» жаза деп санайды.

Серіктес жаңалықтары