×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Жан-жүрегімен шырқады": Корея әншісі Шәмшінің "Ана туралы жырын" орындады (видео)

30.01.2024, 13:16
Фото: Скриншот

Қазақстанға келіп, концерт өткізіп жүрген кореялық әнші Сон Вон Саб композитор Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жырын" шырқады. Видеоны әнші әлеуметтік желіге жариялады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Шәмші Қалдаяқов - Ана туралы жыр Cover. Корей музыканттарынан, – деп жазды әнші.

Әншінің жазылушылары Сонға алғыс айтып жатыр. "Жан-жүрегіңмен шырқадың" деп пікір қалдыруда.

Қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап, желі қолданушыларын тәнті етіп жүрген Сон Вон Саб таяуда ғана Астанада концерт өткізген. Ол бұрын Шәмшінің “Цыган серенадасын” домбырамен орындап, көрерменнің қошеметіне бөленген.

Серіктес жаңалықтары