×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Kaspi аударымды бақылау: Сатушылар салық төлемеудің жаңа жолын ойлап тапты

31.01.2024, 15:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

Салық төлегісі келмеген саудагерлер Beeline нөміріне ақшаны баланс ретінде аударып, Simply арқылы шығарып алады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақпарат қайда айтылды?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мұндай тәжірибе көп өтпей тоқтайтын шығар деп үміттенеді. Оның сөзінше, бизнестің кейбір өкілдері салықтан жалтару үшін ақшаны Kаspi нөмірге емес, мобильді телефон нөміріне жолдауды өтінеді. Сол ақшаны кейін қолма-қол ақшаға аударып алады. Біржанов мұндай тәжірибеге жаппай саудагерлер көшіп кетсе, тексеріс басталатынын айтады.

– Біздіңше, мобильді баланс арқылы ақша аудару – уақытша құбылыс. Ыңғайсыз да. Әр клиенттің уақыт бөліп, Beeline, Kcell нөміріне ақша аударуы ыңғайсыз, – дейді ол.

“Уақытша тренд”

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлердің мобильді аударымдарды азайтып, қолма-қол ақшаға ауыса бастауын “уақытша тренд” деп атаған еді. Қазақстанның цифрландырылған елдердің қатарында екенін еске салған ол қазақстандықтар бұдан әрі де банктердің цифрлық қызметтерін белсенді пайдаланады деп сенеді.

Саудагерлер не дейді?

Kaspi bank арқылы азаматтардың бір-біріне телефон нөмірін теріп қана жөнелте беретін ақшасы биылдан бастап саябырлай бастағаны анық. Оған «енді переводтың бәрі бақылауға алынады екен» деген әңгіме тікелей себеп болып отыр. Ұсақ саудасы, шағын дүкені, дәріханасы бар азаматтар бұған дейін ақыны аударыммен қабылдай берсе де, биылдан бастап қолма-қол ақшаны талап ете бастаған. Табысының аз да болсын бөлігін салық ретінде бергісі келмейтіндер баршылық.

Салық органдарының өкілдері, экономистер мен сарапшылар бұл тақырыпта айтарын айтып-ақ жатыр. Ал қарапайым саудагер не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі базарда саудасы бар біршама адаммен сөйлесіп, олар осы жөнінде не ойлайтынын біліп көрген болатын.

Серіктес жаңалықтары