×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алаңдап отырмыз – АҚШ елшісі Азаттық радиосының мәселесінен хабардар екенін айтты

02.02.2024, 11:00
Коллаж: ulysmedia.kz.

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм елде талқыланып жатқан Масс-медиа туралы заң жобасы мен Азаттық радиосының аккредитациясы мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Елші не дейді?

Айта кетейік, бүгін Астанада инвесторлардың құқығын қорғау мәселесі жөнінде үлкен жиын болған. Оған Қазақстанның Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм қатысты. Ulysmedia.kz тілшісі елшіге елде талқыланып жатқан Масс-медиа туралы заң жобасына байланысты сұрақ қойған. Елші хабардар екен.

– Шынында да, Азаттыққа, оның аккредитациясына қатысты ол жағдайдан хабардармыз. Қазақстан үкіметімен осы жөнінде талқы өткіздік. Алаңдап отырмыз. БАҚ туралы (Масс-медиа) заңға байланысты жағдайды да жіті назарда ұстап отырмыз. Сонымен бірге, шетелдік басылымдарда жұмыс істейтін журналистер де назарымызда. Бізге медианың тәуелсіздігі мен сөз еркіндігі маңызды. Үкіметпен диалогта талқылап жатқан негізгі мәселелер осы, – дейді Дэниел Розенблюм. 

Масс-медиа туралы заң

Былтыр қарашада мәжіліс "Масс-медиа туралы" даулы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша,  заң жобасы сөз еркіндігін қатаң сақтай отырып, журналистердің кәсіби мәртебесін көтеру және мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру мәселелерін шешеді. Оның айтуынша, парламентке түскен бес ай ішінде жобаға қатысты 20-дан астам отырыс өтіп, министрлік, үкіметтік емес ұйымдар мен масс-медиа сарапшыларының қатысуымен 200-ден аса толықтырулар енгізілген. Десе де медиа қауымдастық өкілдері мен баспасөз құқығын қорғаушылар аталған құжат осы күйде қабылданса, елде сөз бостандығы шектеледі деп қауіптенген.

Бірінші оқылымнан өткен заң жобасына депутат Анас Баққожаев пен Никита Шаталов бірнеше өзгеріс енгізуді ұсынеған. Ол бойынша сыртқы істер министрлігі "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деп тапса, журналиске аккредитация беруден өз бетінше бас тарта алады. Ал аккредитациясы жоқ журналистердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Осыған байланысты 30 қаңтарда Азат Еуропа/Азаттық радиосы - Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына арыз түсірген.

Серіктес жаңалықтары