×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Камшат Жолдыбаева сахнадан біржола кетті ме

03.02.2024, 10:35
Коллаж Ulysmedia

Шаңырақ құрған танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева өзінің әлеуметтік желісінде жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір! Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді", – деп жазды әнші.  

Бұдан бөлек, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған көрінеді. 

"Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым", – дейді Кәмшат Жолдыбаева.

Естеріңізге салсақ, тұрмыс құрған соң, өмір-салты өзгеріп сала берген әнші Кәмшат Жолдыбаева әйелдерге психологиялық консультация өткізе бастағанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары