×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қыз алып қашу "операциясы" - омбудсмен мәлімдеме жасады

03.02.2024, 13:24
Ашық дереккөзден

Қаңтар айының ортасында Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны Шымкентке арнайы келіп, қызды қалыңдық ету мақсатында ұрлап кеткен болатын. Қызығы сол, екеуі бір-бірін танымайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызды ұрлау ісі бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі де қосылды.

"Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдер құқығының бұзылуы мәселесіне талдау жасауда. Мәжбүрлеп некеге тұрған қыздар көбінесе серіктестерінің жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Кейде мәжбүрлі күйеуге беру қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың онсыз да осал жағдайын одан әрі нашарлатады. Шымкенттегі іс – өрескел құқықбұзушылық, біз оны бақылауға алдық", – деді Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Өткен жылы Уәкіл қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге, атап айтқанда, жеке бап қосуға және Қылмыстық кодекстің 125-бабына қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ескертуді алып тастауға қатысты бастама көтерген болатын.

Адам ұрлау дерегіне қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларына сәйкес, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық көзделген.

Серіктес жаңалықтары