×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тоқаев 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

05.02.2024, 10:00
Фото: Ашық дереккөзден

7 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Талқыланатын мәселе – экономика

Ақорданың хабарлауынша, жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет 2024 жылы ел экономикасы кемінде 5,3% деңгейінде өседі деп болжап отырғаны хабарланған еді.

Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1%-ды құраған.

Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсеткен. Олар: құрылыста – 13,3%, саудада – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%.

Инфляция бойынша міндет

Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асырып жатыр. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8%-ды құрады. 2024 жылы инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылған

Серіктес жаңалықтары