×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Скляр «зейнетақы ақшасына жылу орталығын салады» деген ақпаратты жоққа шығарды

07.02.2024, 13:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда үш жылу электр орталығының құрылысын қаржыландыру көзі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скляр не дейді

Вице-премьердің айтуынша, бұл жобаларға қаражатты инвесторлар береді.

– Шетел компанияларымен тиісті келісімге қол қойылды. "Самұрық-Энерго" және ресейлік "Интер-РАО" компаниясы салады. Көмірді газға ауыстыру жөнінде Ресей технологиялары қолданылады. Көкшетауда газ пайда болған сәтте бұл көмір станциялары Астанадағыдай газ станцияларына айналады. Біз 2060 жылға қарай декарбонизацияға барамыз. Бірақ инвестициялар "Бәйтерек" көздерінен немесе зейнетақы қорынан бөлінбейді, - деп сендірді ол.

Ақпарат қайдан шықты?

Еске сала кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов энергетика жобалары үшін БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге көлемінде қаражат қалай пайдаланылатыны туралы мәліметтерді жариялаған еді.  

Былтыр қол қойылған құжат

Былтыр Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин екі елдің бірлескен жобалары туралы айтқан болатын. Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа қол қойылған.

Қазақстаннан тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын "Самұрық-Энерго" АҚ. Ресейден – "ИНТЕР РАО-Экспорт" коомпаниясы. 

Серіктес жаңалықтары