Қабарда-Балқар құтқарушылары Эльбруста қалып қойған альпинистерді эвакуациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандық гид пен ресейлік альпинист ТЖМ жергілікті бөлімшесінен 5 мың метр биіктіктен түсу үшін көмек сұрағаны хабарланды.
Қабарда-Балқар ТЖМ ақпараты бойынша, шақыру 10 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 22:20-да (Астана бойынша 11 ақпан 1:20-да) келіп түскен.
Шақыртуға құрамында 9 адам және 2 техника бар Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы ПСО құтқарушылары жұмылдырылған.
Альпинистерге көмек көрсетілді. 3850 метрде орналасқан Гара-Баши станциясына жеткізілгеннен кейін олар көмектен бас тартты.
Іздеу-құтқару жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 23:34-те аяқталды (Астана уақыты бойынша 2:34).