×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бейбіт Қорған қорғансыздың күйін кешіп жүр ме

11.02.2024, 16:22
Ашық дереккөзден

Жуырда атыраулық әйел танымал әнші "Бейбіт Қорғаннан ұлым бар" деп әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Сахнаға жиі шықпай, есімі ұмытыла бастаған әнші қазір көпшіліктің аузында жүр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тіпті, өнер иесі ДНҚ тапсырып, артынша осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

“Астарлы ақиқат” бағдарламасына қонақ болған Бейбіт Қорған осы оқиға басталғалы желідегі парақшасында оқырман саны артып, қаралымы көбейгенін жеткізді. 

“Құрметті ағайын! Бос әңгімелерге көңіл бөлетін уақыт жоқ. Шаруа бастан асады. Екінің бірі ондай әңгіме айта беретін болса, не қалады?!. Бәрі заңды түрде шешілсін! Дәлелдесін! Қолдап жатқан достарыма рақмет! Осы оқиға басталғалы қаралым көбейіп, жазылушылар саны артты. Нағыз қара пиар болды”, – деп күлді өнер иесі.   

Серіктес жаңалықтары