×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізден 4 жылда 4,5 мың дәрігер көшіп кеткен

27.10.2021, 13:12
Елімізден 4 жылда 4,5 мың дәрігер көшіп кеткен
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтың айтуынша, дәрігерлер өз жұмысындағы проблемалардан бөлек, қоғамда да шеттетіліп барады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Медициналық қызметкерлер мен денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі мемлекеттік бағдарламада қойылған міндеттер әлі күнге дейін іске асырылған жоқ. Медициналық құқық мәселелеріне академиялық ортаны, сақтандыру бизнесін және үкіметтік емес секторды белсенді тарту көзделсе де жағдай осы. Дәрігерлер мәртебесі төңірегіндегі қалыптасқан жағдай және өсіп келе жатқан теріс үрдістер медициналық қызметке теріс әсер етеді. Осының салдарынан біріншіден, кадр тапшылығы мен дәрігерлік мамандардың шетелге көшкісі келетіні байқалады. Бүгінгі таңда жетіспеушілік шамамен 7,5 мың орынды құрайды. Анестезиолог-реаниматологтардың, акушер-гинекологтардың, дәрігер-зертханашылардың, инфекционистердің жедел тапшылығы бар», - дейді ол.

Депутат келтірген мәліметке сәйкес, ауыр жүктеме, күйзеліс, төменгі жалақы сияқты классикалық проблемалармен қатар, пациенттер мен жалпы қоғамның оларға деген жағымсыз қатынасы жаман әсер етеді. Тек соңғы 4 жылдың ішінде Қазақстаннан 4,5 мыңнан астам медицина қызметкері шет елдерге көшіп кеткен.

«Дәрігер мамандығы медициналық араласумен, адам ағзасының реакцияларының ерекшелігімен, дұрыс және уақтылы диагнозбен байланысты. Объективті түрде дәрігер әрқашан бәрін болжай алмайды. Медициналық қателіктер мен жазатайым оқиғалардың арақатынасын анықтау өте қиын, өйткені осы санаттардың әрқайсысының бірыңғай және нақты талаптары жоқ. Дәрігерлер саналы түрде немқұрайдылыққа жол берген және медициналық көмек көрсету кезінде қатерлерді елемеген жағдайда ғана қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс деп санаймын», - дейді депутат.