Ulysmedia.kz порталы жолдаған осы сұраққа әділет министрлігі жауап берді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша қаңтар айындағы «АХАТ ТП» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес 2024 жылы 28 400 бала тіркелген, оның ішінде 7 356 немесе тіркелген балалардың 26%- ының тегі -ев, -ин, -ова, -ева, -инамен аяқталған. Тіркелген 7 356 баланың: 3 835 -і (13,5%) - ұлдар, 3 521-і (12,5%) - қыздар.
Азаматтар тегін қалай өзгерте алады
Аты-жөніне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін азаматтар кез келген тіркеуші органға (АХАТ органына) не Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына тиісті өтінішпен жүгіне алады.
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні, қызмет ақылы 1 932 теңге.
Қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастауға байланысты өзгерістер енгізу азаматтардың қалауы бойынша жүргізіледі, осыған байланысты тиісті есепке алу жүргізілмейді.