×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Өзбекстан әліпбиін өзгертпек

Бүгін, 15:38
Өзбекстан әліпбиін өзгертпек
nova24.uz

Өзбекстанда латын графикасындағы өзбек әліпбиін өзгерту туралы шешім қабылданды. Депутаттар қазіргі 26 әріп пен үш әріптік тіркестің орнына 28 әріп пен бір апострофтан тұратын жаңа әліпби енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл реформа өзбек жазуын заманауи талаптарға бейімдеп, қолдануға ыңғайлы етуге бағытталған. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, өзгерістер емле ережелерін жетілдіріп, мемлекеттік тілді, әсіресе цифрлық ортада қолдануды жеңілдетеді.

Артық шығынға жол бермеу үшін жаңа ережелерді кезең-кезеңімен енгізу ұсынылып отыр. Соған сәйкес, бұған дейін берілген құжаттар, ақша белгілері, бағалы қағаздар, мемлекеттік рәміздер, жол белгілері, маңдайшалар және басқа да ресми атрибуттар өз күшінде қалады. Олар бір мезетте емес, біртіндеп жаңартылады.

КОНТЕКСТ

Бір апта бұрын Қырғызстанда да әліпбиге қатысты қызу пікірталас болған еді. Ел ғалымдары қырғыз орфографиясының ережелерін өзгертіп, кейбір әріптерден бас тартуды ұсынған. Алайда кейін Садыр Жапаров әкімшілігі қырғыз әліпбиіне ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеді.